
58 жастағы ауыл тұрғыны екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол былтырғы жылдың соңында масаң күйде Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Оның сөзінше, жарылыс қаупі бар зат Петропавлдағы көп қабатты үйлердің біріне қойылған. «Ойыннан от шығады» демекші, жалған террорист үшін бұл қылмыстық жауапкершілікпен тынды. Күдікті Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды. Бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - дейді СҚО ПД Экстремизге қарысы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО