
Ұжымда жиналыстар өткізіп, парақшаларды, әлеуметтік желілерде профилактикалық роликтерді тарату – полицияның алдын алу жұмысына қарамастан, интернет-алаяқтық саны өсу үстінде. Онлайн-дүкендердің қызметі және электрондық төлемдер жиі пайдаланылады, осы орайда желідегі алаяқтар жаңа әдіс-тәсілдерді ойластыруда. Петропавл қ. Полиция басқармасының ақпараты бойынша жыл басынан облыс орталығының аумағында 375 алаяқтық дерегі тіркелсе, оның 275-і интернет-алаяқтық. Бұл қылмыс түрінен келтірілген шығын сомасы 150 миллион теңгеден асады.
СҚО полициясының жеке құрамы алдында аталған қылмыс түрінің алдын алу жұмысын тек ұйымдардың жұмыскерлері мен өтіп бара жатқан адамдар арасында ғана емес, қызметкерлердің тұрғылықты жерлері бойынша да жүргізу мақсаты қойылған. Облыс орталығында Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов тұрғылықты жері бойынша алдын алу жұмысын жүргізіп, әріптестеріне бағыт-бағдар көрсетті. Жамбыл көшесі, 80 мекенжайындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды, кездесуде қалалық полицияның басшысы желіде қаржылық операцияларды жүргізген кезде асығыстыққа бой алдырмау қажеттігін әр түрлі мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндірді. Зейнеткерлер, орта жастағы адамдар, мектеп оқушылары және бүлдіршіндер – кездесуде елуге жуық адам болды. Оларға профилактикалық парақшалар таратылып, чаттар мен топтарда тарату үшін мессенджерлердегі нөмірлеріне профилактикалық буклеттер, роликтер жіберілді. Облыс орталығында жиі кездесетін алаяқтықтың түрі – банктердің және құқық қорғау органдарының жалған қызметкерлерінен келіп түсетін қоңыраулар, интернет-сайттарда тауарларға тапсырыс беру, OLX, Колеса сайттарында тауарларды сатып алу және сату екені атап өтілді.
Бұндай форматтағы кездесуді өткізуге қалалық және облыстық полиция ведомстволарының, сондай-ақ аудандық полиция бөлімдерінің барлық қызметкерлері бағдарланған. Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері бірер күн бұрын қаланың еңбек ұжымдары арасында түсіндіру рейдін өткізді. Интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмысы жүргізілгенімен, бұл шаралар жеткіліксіз. Әрбір азамат жеке деректеріне сақ болып, танымайтын адамдарға СМС-пен келетін кодтарды, деректерді бермеуі керек, алаяқтармен әңгімелесіп тұрғанына көз жеткізген адам – бірден полицияға хабарласуы тиіс.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО