
Жыл басынан облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 26 адам зардап шегіп, 4 адам қаза тапты. 6 жол апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, жыл басынан жол қозғалысы ережесін бұзған 2 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған.
Петропавл қ. полиция басқармасының өндірісінде мамырдың 23-і, таңғы сағат 11 шамасында Астана мен Интернационал көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал қаралуда. Жолды кесіп өтпек болған 19 жастағы қала тұрғыны «КамАЗ» автокөлігінің астына түскен. Жарақат алған жас жігіт қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазіргі уақытта анықтаушылар жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.
«Жазғы кезеңнің басталуымен жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолдағы тәртіпке баса назар аударуды сұраймыз. Жаяу жүргіншілердің, велосипедшілер мен жүргізушілердің ұялы телефондар мен құлаққаптарды пайдалануы ең өкінішті салдарға әкеп соқтыратынын есте ұстаған жөн», - дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.
СҚО-да жыл басынан 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам қаза тауып, 135-і жарақат алған.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО