Петропавл тұрғыны алаяқтарға қалай сеніп қалғанын айтты

Петропавл тұрғыны алаяқтарға қалай сеніп қалғанын айтты

Максим Тусаев желілік технологияларды жақсы біледі, бірақ мұндай сауаттылық оған алаяқтарға қарсы тұруға көмектеспеді. Ол өзінің басынан өткен оқиғаны басқа азаматтар мұндайға тап болмас үшін ескерту ретінде айтуды шешті. «Айтқан сөздерін тыңдап, кәсіби маман екен деп ойладым. Олар тіпті WhatsApp арқылы Ұлттық банктің құжаттарын жіберді. Онда мәліметтер, мөр, қолтаңбалар көрсетілген. Сенбеу мүмкін емес», - дейді Максим.

Қоңырау шалушылар Максимге оның атына екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлері несие ресімдегелі жатқанын хабарлаған. Барлық заңсыз операциялардың күшін жою үшін баннке барып, менеджерлерге қандай мақсатпен келгенін айтпай, несие ресімдеу қажет деп сендірген. Кейін сол қаражатты көрсетілген шотқа аудару қажет болған. «Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 423-бабын атаған соң, сеніп қалдым. Мен кодексті қарадым, бәрі сипаттамаға сәйкес келді», - дейді қала тұрғыны.

Максим қоңырау шалушылар айтқандай барлығын жасады. Ол алаяқтардың құрбаны болғанын келесі күні ғана білді. Ақшасын қайтару мүмкін емес екенін түсініп, ол қала тұрғындарына мұндай қоңырауларға сенбеу туралы ескертуді шешті. «Менің басымнан өткен жағдай біреуді осындай қылмыскерлерден қорғауға көмектеседі деп ойлаймын. Ең қарапайым ереже – әлдебіреу қоңырау шалып, қандай да бір операция жасауды сұраған кезде тұтқаны бірден қоя салған жөн», - дейді петропавлдық.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында 319 интернет-алаяқтық фактіс тіркелді. 60-тан астам солтүстікқазақстандық «банктен» соғылған жалған қоңырауларға сеніп қалған.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО