200-ден астам азамат СҚО Полиция департаментінің арнайы мұрағаты арқылы отбасы тарихын қалыпқа келтірді

200-ден астам азамат СҚО Полиция департаментінің арнайы мұрағаты арқылы отбасы тарихын қалыпқа келтірді

СҚО Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасы арнайы мемлекеттік мұрағатының қорларында тарихи тұрғыдан құнды материалдардың көп болуы зерттеушілерді қызықтыруда. 2014 жылдан бері мұрағатқа 3 бірегей қор тапсырылды. Бұл ХХ ғасырдың 30-50 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар, бұрынғы әскери тұтқындалған және Германиядан елдеріне оралған бұрынғы КСРО азаматтарына қатысты іріктелген материалдар, сондай-ақ ақталуға жатпайтын тұлғаларға қатысты қылмыстық істер. Бірегей құжаттарды зерделеу үшін полицияның арнайы мұрағатына тарихшы-ғалымдар жүгінеді, сондай-ақ жүгінген педагогтарға танымдық іс-шараларды өткізуге, мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына қатысты жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсетіледі. Бірер күн бұрын мұрағатқа ХХ ғасырдың ортасындағы көрнекті саяси қайраткер Жұмабай Шаяхметовтің немересі Ринат Шаяхметов жүгінді. Ринат Равильевич атасының Петропавл қ. қатысты өмір кезеңі бойынша құжаттармен танысты. Ол түпнұсқа тарихи құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берілгені үшін мұрағат қызметкерлеріне алғысын білдірді, бұл құжаттар өткен дәуірдің лебін сезінуге мүмкіндік береді.

«Кез-келген адам ақталған немесе бұрынғы тұтқындалған туысы туралы мұрағаттық анықтаманы ала алады, – деді СҚО Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасы Арнайы мемлекеттік мұрағаты тобының бас маманы полиция майоры Эльмира Валиулина. – Ол үшін «электрондық үкімет» порталында өтініш беру керек. Кеңесті 8 (7152) 39-41-58, 39-41-40 телефондары бойынша алуға болады. 2014 жылдан заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтарға және іріктелген материалдарға қатысты қылмыстық істер бойынша 221 мұрағаттық анықтама берілді».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО