СҚО полицейлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы айтылды

СҚО полицейлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы айтылды

Әлеуметтік-құқықтық даярлық бойынша сабақ—жеке құраммен жүргізетін СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасы жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. 20 мамырда екі өзекті тақырып бойынша спикерлер сөз сөйледі. Кездесуге облыстың ПД аппараты мен Петропавл қ. ПБ бөліністерінің қызметкерлері қатысты.

СҚО ПД КСБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Майер алдағы конституциялық реформа жайлы айтып, референдумға шығарылатын еліміздің Басты заңындағы өзгерістердің мәнін түсіндірді.

Келесі кезекте СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева сөз сөйледі. Ол Қазақсттан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізгі ережелерін түсіндіріп кетті. Оны іске асыру шеңберінде барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы цифрландыру, сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге қоғамды кеңінен тарту болжануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылыққа тестілеу(басқаша айтқанда адалдығын тексеру), жалпыға ортақ декларациялау мен басқалар сынды жаңалықтар толық қаралды.

Жеке құраммен полиция қызметкерлерінің жоғары адамгершілік және кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған сабақ тұрақты өткізіліп тұрады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО