Петропавлда жас велоспортшылар құрдастарына шеберлік сағатын көрсетті

Петропавлда жас велоспортшылар құрдастарына шеберлік сағатын көрсетті

«Балалар жылы» және «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала мектептерінің бірінің төменгі сынып оқушыларына велосипедпен жүру тәртібі жайлы сабақ ұйымдастырды. Кездесуге оқушылармен бірге @velosport_sko олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері келді. Жас спортшылар өз құрдастарына велосипедпен жүрудің қыр-сырын көрсетті.

Велосабақ қалалық саябақтағы асфальтталған арнайы алаңда өтті. Велосипедшілер мәнерлеп жүруді көрсетіп, өз құрдастарына велосипедпен жүру кезінде негізгі қауіпсіздік ережелері туралы айтты және өздерінің кәсіби велосипедтерін серуендеп келулеріне берді.
«Жолақ» арқылы жолдың жүру бөлігінен тек жаяу өту керектігін, қалыпты жағдайдағы тежегіш, велосипедпен жүрген кезде құлаққап тақпау – осылардың бәрі жайлы жаттықтырушы Андрей Ширкаловтың нұсқауымен Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері бірнеше рет қайталады. Велосабаққа 30-дан аса төртінші сынып оқушысы қатысты, оларға бұл ақпарат жазғы демалыс қарсаңында аса өзекті болып табылады. Алған білімдерін бекіту үшін полиция қызметкерлері велосабаққа қатысушылардың бәріне профилактикалық жадынамлар таратты.

СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов атап өткендей, 4 айдың ішінде балалардың қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы орын алып, 5 кәмелетке толмаған бала зардап шеккен. Өткен жексенбі күні тағы жас велосипедистердің қатысуымен екі апат орын алды. Жалпы, өңір жолдарында 4 айдың ішінде 64 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 14 адам қайтыс болған және 92-і жарақат алған. Жол-көлік оқиғасы және балалар жол-көлік жарақатын алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері педагогтармен бірлесе отыра, кешенді жұмыстар жүргізуде. Полицейлер барлық жол қозғалысына қатысушылардан жаз мезгіліне аулалар мен жолдарда көп баланың жүруіне байланысты жол жүрісі ережесін қатаң сақтауды сұрайды. Ата-аналар да далада қауіпсіздік туралы, сонымен қатар жолда жасалған қателіктің кешірілмейтіні жайлы балалармен қосымша әңгіме жүргізулері тиіс..


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО