
Полицейлер мен банк өкілдері интернет-алаяқтарға қарсы күресті күшейтті. Сондай-ақ, алдын алу жұмысына еріктілер мен жәбірленушілер де қатысты. Петропавл қ. Полиция басқармасының басшылығы еріктілермен бірге ақша салатын терминалдар тұрған дүкендерге, сауда үйлері мен банктерге тағы басқа мекемелерге барды. Осылайша, тәртіп сақшылары соңғы кезде өршіген алаяқтық қылмысының алдын алуда. «Біз азаматтарды сақ болуға шақырамыз. Кейбір алданған азаматтар несие ресімдеп не депозиттегі ақшаларын терминал арқылы қылмыскерлерге аударып жіберіп жатады», - деді Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.
Алаяқтар жәбірленушілерді олардың атына біреулер несие ресімдеп жатқанына сендіреді. Несиені төлеу және алаяқтардың әрекеттеріне жол бермеу үшін жәбірленушіге несие ресімдеп, ақшаны шотқа жіберу қажеттігі туралы айтады. Кейбір азаматтар банкке барып, нақты мән-жайды менеджерлерден жасырып жатады. Себебі алаяқтар жәбірленушілерді менеджерлердің қылмыскерлермен сөз байласқанына сендіреді.
Терминалдардың қасында еріктілер мен полицейлер жадынамалар таратып, қала тұрғындарын алаяқтардың әрекеттері туралы ескертті. Тағы бір алдын алу шарасы – қылмыскерлермен жәбірленушілердің әңгімесін тыңдатқызу. Полицейлер жәбірленушілердің бірі жазып алған жазбаны қосып қоюда. Алаяқтар шебер сөйлеу, арнайы терминдерді пайдалана отыра, адамдардың сеніміне кіреді. Олар өздерін тек банк қызметкерлері ретінде таныстырмайды, полиция, прокуратура қызметкерлері ретінде де таныстырады. Олардың көздейтін мақсаты – жәбірленушілердің жеке деректеріне қол жеткізіп, оларды ірі сомада несие ресімдеуге және ақшаны алаяқтарға тиесілі резервтік шотқа жіберуге көндіру болып табылады. Полицейлер күмәнді қоңырау келіп түскен кезде шұғыл банктің call-орталығына немесе «102» нөміріне хабарласу қажеттігі туралы ескертеді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО
https://youtu.be/LpkXjfqH2_k