
2022 жылғы 17-31 мамыр аралығында Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу аясында СҚО Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы «Болашақтағы полиция» тақырыбына балалар арасында қолдан жасалған бұйымдар байқауын өткізеді.
Байқауға 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.
Қолөнер бұйымдары әртүрлі материалдардан (қағаздан, матадан, ермексаздан, ағаштан, шырша бүршігінен, гүлден, ағаш жапырақтарынан, көрнекті бейнелейтін қалдық материалдардан және т.б) жасауға болады. Сонымен қатар, коллаж бен панно да қабылданады (жеміс-жидектерден, көкөністерден және лезде бұзылатын материалдардан жасалған қөлөнер бұйымдар қабылданбайды).
Бұйымның төменгі он жағындағы бұрышында этикетка болуы тиіс. Этикеткада жұмыстың атауы, баланың тегі, аты-жөні, жасы, елді-мекені, мектептің атауы көрсетілуі керек.
Қолөнер бұйымдарын 2022 жылғы 1 маусымға дейін Алматы көшесі, 55 мекенжайындағы СҚО ПД Кадр саясаты басқармасына 314, 315 кабинетке тапсыру қажет.
Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен қолөнер бұйымдары қарастырылмайды.
Байқау қорытындысы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
#SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО