Петропавлда скутер жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті

Петропавлда скутер жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті

Жаз келісімен жолда мопедтер мен скутерлер пайда болады. Осыған орай полицейлер жол-көлік оқиғаларының жолын кесу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді нығайту бойынша профилактикалық жұмысты жүргізеді. Тәжірибе көрсеткендей, екі дөңгелекті көліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін толық білмейді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер де оларды жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде қабылдамайды. Бұл апатты жағдайға алып келуі мүмкін. 18 мамыр күні Егемен Қазақстан және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында жолды белгіленбеген жерден қиып өтпек болған Петропавл қ. 75 жастағы тұрғынын «WorteX» скутері соғып кеткен, рөлде 16 жастағы студент болған. Зейнеткер медициналық мекемеге жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

«Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша хаттама толтырылды», - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Барлық жол қозғалысы қатысушыларын ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырамыз. Мәселен, жыл басынан облыс орталығында жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың тарапынан, оның ішінде велосипедшілерді, гироскутер, электр самокаттардың иелерін қоса, 2000-ға жуық ЖҚЕ бұзушылығы тіркелді».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО