
СҚО-да жыл басынан көлікті басқару құқығынан айырылған 27 жүргізуші көлік тізгініне қайта масаң күйде отырған. Осындай 19 факті бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды, 10-на қатысты бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, 9-ы қаралуда, қалғандары өндірісте. ҚР Қылмыстық Кодексінің «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберу» 346-бабына сәйкес, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырумен 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Көлік басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4,5 жылға қамауға алу – осындай жазаға жақында 32 жастағы петропавлдық тартылған болатын. «2021 жылдың қыркүйегінде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған. Оқиға таңғы сағат 4-те Қазақстан Конституциясы мен Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Көліктің салонында үш жолаушы келе жатқан. Нәтижесінде бір адам облыстық ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 346-бабы 5-бөлігі бойынша материал жинастырды. Қазіргі уақытта жүргізуші бас бостандығынан айырылды», - дейді СҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жеңіс Темірбеков.
Жыл басынан СҚО жолдарында полицейлер 381 мас жүргізушіні ұстады. Жол қозғалысы ережелерінің 25 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Жалпы, жыл басынан өңір жолдарында 64 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 14 адам қаза тауып, 92 адам жарақат алды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО