«Музейдегі түн» акциясында петропавлдықтарға солтүстікқазақстандық полиция тарихы туралы айтылды

«Музейдегі түн» акциясында петропавлдықтарға солтүстікқазақстандық полиция тарихы туралы айтылды

Халықаралық музейлер күні қарсаңында облыстық СҚО Полиция департаментінің музейі дәстүрлі түрде «Музейдегі түн» акциясын өткізді. Бұнда 5 мыңға жуық түпнұсқа экспонаттар жинастырылған. СҚО Полиция департаменті және Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов жас қызметкерлерге қоғамға адал қызмет ету үлгісін көрсету мақсатында экспонаттардың басым бөлігін ведомствоның ардагерлері бергенін атап өтті. СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлованың айтуынша, бұл Қазақстан полициясының қалыптасу тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Жас солтүстікқазақстандықтарға патриоттық тәрбие беруге көмек көрсеткендері үшін педагогтар марапаттарға ие болды. Гуманитарлық-техникалық колледжінің атынан оның оқытушысы Виталий Гутевич алғыс хат пен сыйлыққа ие болды. Ол тарихты ерекше жақсы көреді, өз еркімен оқушыларына экскурсия ұйымдастырады екен. Тек соңғы 2 жылда Виталий Викторович СҚО Полиция департаментінің музейіне 500-ден астам студентті алып келген.

Музей қорын сақтаушылар Любовь Осинская және Нина Бенграф алғыс хаттармен марапатталды. СҚО Полиция департаменті Мәдени орталығының әртістері ашық аспан астында өнер көрсетті. Бұдан кейін қонақтар облыс аумағындағы ішкі істер органдарының құрылу және даму тарихымен танысуға шақырылды. Музей түн жарымға дейін жұмыс істеді. Музейге 350-ден астам адам келіп кетті. Төрт залдың бірі қазіргі полицияның 30 жылдығына арналған. Бұнда техника үлгілері, резонанстық қылмыстардың орнынан алынған дәлелдер, ерлік жасаған полицейлердің жеке заттары сақтаулы. Кішкентай қонақтардың музейден алған әсері ерекше. «Бүгін мен өскен соң, полицей болатынымды түсіндім», - деді Дильнара Гульмятова, №23 мектептегі жас жол қозғалысы инспекторларының бірі. Любовь Осинскаяның айтуынша, бұндай пікірлер көңілге қуаныш сыйлайды. «Келушілердің бойында полицейлердің қиын қызметіне құрмет ұялатып, осы оймен олардың үйлеріне қайтуы музейдің мақсатына жеткенін білдіреді», - дейді ол.
#SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО