
Шал ақын ауданы Жалтыр ауылына жақын көлдің маңында рейд жүргізу кезінде облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мылтықтың атылған дыбысын естіген. Тексеріс кезінде көршілес Тимирязев ауданының үш түрғыны рұқсат құжаттарынсыз суда жүзетін құстарды атқан. 36 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі мылтық тіркелмеген болып шықты. Қаруды заңсыз ұстағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа тапсырылады, ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, барлық үш бұзушыға қатысты аңшылық ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.
«7 мамырдан бастап, суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынғаны туралы еске саламыз, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Асхат Қожабаев. – Басқа қызметтердің қызметкерлерімен және қорықшылармен бірге өткізілетін рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Мақсаты – табиғатты пайдалану саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, өңірдің экологиялық жағдайын сақтау».
Жалпы жыл басынан облыста аң аулау ережелерінің – 327, балық аулау ережелерінің 172 бұзушылығы анықталды. Заңсыз аңшылықтың 4 фактісі тіркеліп, ашылды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО