СҚО-да полицейлер мен жергілікті тұрғындар із-түзсіз жоғалған ер адамды іздестіруде

СҚО-да полицейлер мен жергілікті тұрғындар із-түзсіз жоғалған ер адамды іздестіруде

СҚО Тайынша ауданында полицейлер, еріктілер және көмек көрсетуге ниет білдірген адамдар із-түзсіз жоғалған Келлеровка ауылының 57 жастағы тұрғынын Сергей Владимирович Багинскийді іздестіруде. Оның туыстары полицияға 8 мамыр күні жүгінді. Алғашқы іздеу жұмысынан нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшылары 13 мамырда WhatsАpp мессенджерінде жергілікті тұрғындарды іздестіру жұмысына көмек көрсетуге шақырды. Еріктілер, белсенділер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері, "Қазақтелеком" қызметкерлері - жалпы 25 адам көмекке келді. Олар поселкелік полиция бөлімшесінің жеке құрамымен бірге бөлінген аумақта іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ "Lider.kz" еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желілерде жоғалған туралы бағдарларды таратты.

Жоғалғанның ерекше белгілері: бойы 165 см, арықша келген, шашы мен мұрты ақ. Үстінде қара күртеше, басында - сегізқиық кепка болған. Полицейлер оның жүрген жері туралы қандай да бір хабар болған жағдайда Тайынша қаласындағы мына телефон нөмірлері 8(715-36) 21-2-40, 22-8-75 немесе "102" арнасына хабарласуды сұрайды.

"Жоғалғанды кезекші тәулікте іздеп табу мүмкін болмаған соң, іздеуге бейжай қарамайтын адамдардың қатысуы полицейлердің жұмысына зор септігін тигізеді, - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. - Жалпы жыл басынан облыстық полиция бөліністеріне адамдардың із-түзсіз жоғалуына қатысты 141 өтініш келіп түскен, қазіргі уақытта олардың 138-і табылды".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО