
Маскүнемдік және нашақорлық – қылмыс санының өсуіне негіз болып табылады, қылмыспен күрес учаскелік полиция инспекторлары жұмысының маңызды бөлігі. Алайда, ащы суға әуес адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу амалын туыстары қолдамай жатады. Олардың басым бөлігі жанжалдар мен құқық бұзушылықтарға көз жұмып, түзелемін деген жанжалқойлардың бос сөзіне сеніп қалады. Мәселен, Петропавл тұрғынының 35 жастағы ұлы ащы суды ішіп алып, үйде жанжал шығарып тұрған, осы себептен анасы үйінен бірнеше рет кетіп қалуға мәжбүр болған. Алкогольдік ішімдіктен бөлек, ер адам есірткі қабылдап, бірнеше рет мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Дей тұрғанымен, әйел полицияға үйден заттар жоғала бастағанда ғана жүгінген. Ер адамның медициналық куәландырудан өтуден жалтаруына қарамастан, учаскелік полиция инспекторы қажетті ресімдер жүргізді. Жанжалқой есірткіден емдеу ұйымына мәжбүрлеп емделуге жіберіліп, 6 ай бойы емделген.
«Алкогольдік және есірткілік тәуелділігі бар адамдарды емделуге жіберу – қылмыстардың, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңызды бөлігі, зорлық-зомбылықпен күресті ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ерекше атап өткен болатын, - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. - Емделуге мұқтаж жандардың туыстарын емделуге жіберу шешімін ұзаққа созбауға шақырамыз. Тәжірибе көрсеткендей, тәуелді адамдар дерттерінен өз бетімен айыға алмайды. Ертелі-кеш алкоголь мен есірткі адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауға әкеледі».
Жыл басынан Петропавлда полиция қызметкерлері мәжбүрлеп емделуге 36 адамды жіберді, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 11 адамға көп.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО