СҚО-да полицейлер аудан орталығының тұрғынына жоғалған сиырларын тауып берді

СҚО-да полицейлер аудан орталығының тұрғынына жоғалған сиырларын тауып берді

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының тұрғыны екі қара малынан айырылып қала жаздады.

10 мамыр күні әйел екі сиырының жоғалғаны жайлы арызданған. Табынға жіберілген малы үйіне келмепті. Полиция қызметкерлері мал ұрлығы фактісі болуы мүмкін деп тексеріске кірісті. Келесі күні маңайды тексерген кезде, мал баққан маңнан 5 шақырым жерден сиырлар табылды. Олар тартылған көлдің батпағынан шыға алмай қалған. Полицейлер көмекке жергілікті тұрғындарды шақырды. Екі бескөлдік Т-25 және МТЗ-80 тракторларының көмегімен сиырларды батпақтан шығаруға көмектесті.

«Негізгі шаруашылығынан айырылып қала жаздаған малдың иесі қызметкерлерге алғысын білдірді, - дейді Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. – Адамдарға көмектескен әр факті полицияны халыққа одан әрі жақындата түседі. Бұл ретте, барлық ауылшаруашылығы малдарының иелерінен мал баққан кезде мұқият болып, бос жібермеуді сұраймыз. Қараусыз бос жүрген мал ұрылардың көзіне түсуі немесе жол үстіне кездейсоқ шыға келіп жол-көлік оқиғасына себепкер болуы мүмкін».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО