СҚО-да Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, өңір ішкі істер органдарының тарихы жайлы сыр шертетін көшпелі көрме ашылды

СҚО-да Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, өңір ішкі істер органдарының тарихы жайлы сыр шертетін көшпелі көрме ашылды

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, облыстық полиция ведомствосы музейінің көшпелі көрмесі ашылды.

Альбомдар, кітаптар, планшеттер, баннерлер - мыңдаған фотосуреттер, коллаж бен мұрағаттық мақалалар түрінде жинақталған материалдар музейдің кең залына қойылды. Көрменің ашылуына СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Досбол Абдриисов, облыстық музейлер бірлестігінің директоры Гүлнәр Мұқышева, СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері, ардагерлер, жас қызметкерлер мен барлық қатысуға ниет білдіргендер қатысты.

«Солтүстік Қазақстан тарихының жарқын парақтарын батыр-милицонерлер жазып кетті; олардың көпшілігі қызметтік міндеттерін адал атқара отыра, өмірлерін қиды. Бүгінде олардың есімдерімен көшелер, аллеялар аталып, есімдері жазылған мемориалдар мен ескерткіш тақталар ашылды. Музейге келгендер фотосуреттер, түпнұсқадағы құжаттар, наградалар, қару-жарақ пен жеке заттар сияқты сирек кездесетін экспонаттарды ғана көріп қоймай, сондай-ақ резонанс тудырған қылмыстардың нақты қалай ашылғанын, біздің қызметкерлеріміздің көрсеткен ерліктері жайлы фактілерді біле алады. Көрменің 18 мамыр күні атап өтілетін - Халықаралық музейлер күні қарсаңында ашылғаны қуантарлық жәйт. Осының бәрін ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін музей қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Көрме туған өлке мен құқық қорғау тақырыбындағы тарихқа қызығушылық танытатындардың санын арттыратынына сенімдіміз», - деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов көрмені ашу кезінде. Полиция департаменті мәдени орталығының ән шашуы көрмеге ерекше рең берді, сонымен қатар жиналған қауымның қошаметімен облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірнеше қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен қор сақтаушысы Нина Бенграфтың айтуынша, көрмеге 6 планшет, 4 баннер, 19 кітап, журналдар, формулярлар, альбомдар, буклеттер, пікірлер жазылған, сонымен қатар ІІО ардагерлері жайлы және СҚО полициясы туралы жазылған кітаптар қойылды. 18 ғасырдың 1700 жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы өңір полицейлерінің тарихы туралы материалдар жинақталған. СҚО ПД жанындағы ККО мүшесі, белгілі заңгер Павел Афанасьев қызметтің тарихы қалай маңызды болса, қоғамдағы полицияның рөлі де сондай маңызды дей отыра, полицейлер халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтіндігін атап өтті. Павел Васильевич еліміздің гүлденуі жолында еңбек етіп жүрген, қатардағы барлық полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тіледі.

Солтүстікқазақстандық полицияның көшпелі көрмесі музей қабырғасында 23 маусым – Қазақстан полициясының күнін атап өткенге дейін тұрады. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі Петропавлдың орталығында, яғни Қазақстан Конституциясы көшесі, 48 мекенжайында орналасқан.

Фотоальбом: https://vk.cc/cdtZfo

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО
#SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции