Жыл басынан Петропавл полициясына тыныштықты бұзу фактісі бойынша 600-ден астам қоңырау келіп түсті

Жыл басынан Петропавл полициясына тыныштықты бұзу фактісі бойынша 600-ден астам қоңырау келіп түсті

Мамырдың 9-ы күні таңғы сағат беске дейін Уәлиханов көшесіндегі үйлердің біріндегі тұрғындар толыққанды демала алмады. Бұл туралы «102» пультіне қоңырау шалып, шулы көршісімен бір қабатта тұратын 39 жастағы қала тұрғыны хабарлады. Оқиға орнына келген полицейлер екі ер адамның пәтер иесімен ішімдік ішкенін анықтады. Нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша хаттама толтырылды.

«Мұндай жағдайда учаскелік инспекторлар құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізеді. Бұл тәжірибе азаматтардың санасына оң әсерін тигізеді, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов. – Демалыс күндері тыныштықты бұзу фактілері бойынша 12 шақырту келіп түсті. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері сағат 22-ден 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен 10-ға дейін шу шығаруға тыйым салынады. Баптың санкциясы жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді».

Жыл басынан облыс орталығында полиция қызметкерлері түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактісі бойынша 645 қоңырау қабылдады. Тәртіп сақшылары ескерткендей, егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз «102» арнасына қоңырау шалып, учаскелік полиция инспекторларына жүгіну қажет, сондай-ақ «102» мобильді қосымшасын (ҚР ІІМ App Store және Google Play ресми қосымшасы) пайдалануға болады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО