СҚО-да полицейлер бір сағат ішінде ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

СҚО-да полицейлер бір сағат ішінде ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Бейнебақылау – полицияның қылмыстарды «ізін суытпай» ашуына септігін тигізетін құралдардың бірі. Аудан орталығы Явленканың тұрғыны дүкен алдына «Десна» велосипедін қалдырып кеткен және көп ұзамай оның жоғалғанын анықтаған. Шығын 50 мың теңгені құраған. Жедел уәкілдер күдіктіні бір сағаттың ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен ұстады, күдікті - Явленкада жүрген Қызылжар ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұдан бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Велосипедті небәрі 2 мың теңгеге сатып алған ауыл тұрғыны да анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыс кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер велосипедті алып, иесіне қайтарды. Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбековтің айтуынша, Явленкада полицияның мониторларына 34 бейнекамера қосылған. Олардың бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен, екіншісі - кәсіпкерлер қаражатына орнатылған. Жалпы аудандағы 300-ден астам бейнекамераны кәсіпорындар мен жеке тұлғалар орнатқан.

«Азаматтық қоғам бейнебақылауды орнату арқылы қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға елеулі үлес қосып келеді, - деді СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы полиция полковнигі Алексей Дементьев . – СҚО полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне 1239 камера қосылған, олардың 575-і жеке тұлғаларға тиесілі. Бейнебақылау аумағының ұлғаюы – полицияның билік органдармен және азаматтық қоғаммен жасалған тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесі. Жыл басынан СҚО-да жергілікті бюджет есебінен 37 жаңа бейнекамера орнатылды, жұмыс жалғасуда».

Жыл басынан облысымызда бейнебақылаудың көмегімен 318 қылмыс ашылды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО