СҚО-да дін саласындағы заңнаманың 9 бұзушылығы анықталды

СҚО-да дін саласындағы заңнаманың 9 бұзушылығы анықталды

Жыл басынан СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың 9 фактісі анықталды. Қазіргі уақытта 3 әкімшілік материал бойынша дінтанулық сараптама жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады. Қалған материалдар бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Петропавл қаласының 31 жастағы тұрғынына «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудио және бейнефайлдарды таратқаны үшін айыппұл салынды. Айыппұл көлемі 100 мың теңгеден асады. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабымен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды тарату үшін айыппұл түріндегі жаза көзделгенін еске саламыз», - дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев.

Ұқсас бұзушылық жасағаны үшін Есіл ауданының тұрғыны дәл осындай әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны «Instagram» және «TikТок» әлеуметтік желілерінде діни мазмұндағы материалдар жариялағаны үшін 150 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін.

Осы құқық бұзушылықтардың барлығын облыстық Полиция департаментінің жедел уәкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа берілді.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО