Полицейлердің психологиялық жағдайы кәсіби психологтардың бақылауында

Полицейлердің психологиялық жағдайы кәсіби психологтардың бақылауында

Полицейлердің жұмысында эмоционалдық жағдай күрделі. Полиция қызметкерлері күнделікті жұмыста қылмыспен күресіп, азаматтардың проблемаларын шешу үшін еңбек етеді. Қызу жұмыста үнемі стресстік жағдайлар орын алып жатады. СҚО Полиция департаментінде кәсіби психологтардың тобы жұмыс істейді. Бұл мақсатта Петропавл қ. Полиция басқармасы ғимаратында психологиялық босаңсу кабинеті жабдықталды. Бұнда түрлі қызметтердің қызметкерлерімен тренингтер жүргізіледі. Сабақтардың бағдарламасында көптеген байқаулар мен жаттығулар бар. Әріптестерінің жағымды жақтарын атау, суретті сипаты бойынша салу, ақпаратты ыммен жеткізу – бұл кабинетке келушілер үшін ең алдымен көңіл-күйді көтеру болып табылады, бұл полицейлерге аса қажет. Шын мәнінде, бұндай сабақтар психологтарға ұжымдағы жағдайды бағалауға көмектеседі, қызметкерлерге – бір-біріне жаңа көзқараспен қарап, сенімді нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді. Жаттығулар стреске төзімділікті арттыруға, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды сауықтыруға, тұлғалық өсімге, өзін тиімді жұмысқа бағыттауға бағдарланған.

«Әдетте сабақ 20-ға жуық адаммен өткізіледі – бұндай адамдар саны тренинг үшін аса қолайлы, - деді СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор-психологі полиция майоры Ләззат Ділдәбаева. – Жаттығулардың басым бөлігін күнделікті қолдануға болады. Мәселен, барынша жағымсыз жағдайдың барынша жақсы қырларын көру міндеті қойылады. Бұндай оң көзқарасты қалыптастыру – тұлғалық өсудің бір бөлігі, бұл заманауи полицейге тән қасиеттердің бірі».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО