
Петропавл полицейлері бірнеше интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен Павлодар қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Бір факті өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. Петропавл тұрғыны интернеттегі хабарландыру бойынша магнитола сатып алмақшы болып, алдын ала төлем ретінде қаражат аударған, нәтижесінде 80 мың теңгесінен айырылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қ. Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Мән-жайды анықтау кезінде ұсталғанның ұқсас қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігі анықталды. Жедел уәкілдер материалдарды павлодарлық әріптестеріне жіберді. Қазіргі уақытта күдікті ШҚО және басқа өңірлерде жасалған 15 интернет-алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Қылмыстар жалған тауарға алдын ала төлемді талап ету арқылы жасалған, тауар ретінде техника, асыл тұқымды марғаулар және тағы басқалар болған.
«Бүгінгі таңда интернет-алаяқтық көп жасалатын қылмыс түріне жатады, - деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Бұл қылмыс түрін ашу кезінде қиындықтар ұшырасады, дей тұрғанымен ашу жұмысы тоқтатылмайды. Мәселен, облыс аумағында сәуір айының соңында өткізілген «Контрафакт» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бұрын жасалған 11 интернет-алаяқтық ашылды. Интернетте тауар мен қызмет үшін алдын ала төлемді жібермей тұрып, интернет-алаяқтықтың басым бөлігі аталған жолмен жасалатынын ескерген жөн».
Жалпы жыл басынан СҚО-да 279 интернет-алаяқтық тіркеліп, бүгінгі таңда 77-сі ашылды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО