
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті, майдангерлерді үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Соғыстан кейінгі жылдары СҚО ішкі істер органдарында Ұлы Отан соғысының 700-ден астам қатысушысы қызмет етті. Олардың есімдері даңқ ескерткішінде, ведомстволық музейдің экспозицияларында, ведомстволық баспасөз қызметінің мұрағатындағы басылымдар мен бейнематериалдарда сақтаулы. Солтүстікқазақстандық милицияда жұмыс істеген майдангердің соңғысы - Григорий Иванович Красильников ағымдағы жылдың ақпан айында дүниеден өтті. Григорий Иванович өткен жылдың желтоқсан айында 100-ге толған еді...
9 мамыр қарсаңында соңғы жылдары майдангерлермен болған кездесулер мен оқиғалар жинақталып, ролик әзірленді. ҰОС милиционер-ардагерлерінің үшеуі 100 жылдығын тойлаған болатын. Бұл бақытты сәттер басшылықтың, жас қызметкерлердің назарынан тыс қалмады. "Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерін есте сақтап, өскелең ұрпаққа жеткізу- борышымыз. Сол күндердің оқиғалары ұзаған сайын, олар туралы естеліктердің маңызы арта түседі",- деп атап өтті СКО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.
Тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жесірлері назардан тыс қалдырылмайды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында полиция ведомствосының өкілдері Галина Есләмқызы Келібаева мен Вариға Шәймерденқызы Әбілмәжіноваға барып қайтты. Ішкі істер органдары ардагерлерінің тізімінде 9 тыл еңбеккері бар.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО
https://youtu.be/Ce7Y6IbSr8Y