СҚО полицейлері аулада ҰОС ардагеріне арнап концерт өткізді

СҚО полицейлері аулада ҰОС ардагеріне арнап концерт өткізді

Солтүстікқазақстандық полицейлер 9 мамыр күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері мен Петропавл тұрғындарына шығармашылық сыйлық сыйлады. Жеңіс солдаты мен оның көршілері үшін СҚО ПД Мәдени орталығының вокалдық тобы ашық аспан астында концерт ұйымдастырды.

Облыстың ішкі істер органдары жүйесіндегі ҰОС-ның 771 ардагерінің бірде-бірі ұлы Жеңістің 77 жылдығына дейін жете алмады. Дегенмен, полицейлер майдангерлерді құттықтаудың игі дәстүрін тоқтатқан жоқ. Департамент басшылығы мен полиция ардагерлері Петропавл қ. ардагерлер кеңесінің ұсынысына қолдау білдірді. Мереке қарсаңында Интернациональная көшесіндегі үйдің ауласында импровизацияланған концерттік алаң ұйымдастырылды. Басты көрермен Федор Щеглов болды. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің кавалері 95 жастағы Федор Васильевич 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, танкист болып қызмет еткен. «Кенигсбергті басып алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» және т.б. медальдары бар. Концер барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманғали Татваев сөз алып, ардагерге жылы лебізін білдірді. Погондағы әртістер соғыс жылдарындағы әндер мен сүйікті фильмдерден миллиондаған адамдарға таныс әндерді шырқады: «Эх, дороги», «Смуглянка» және басқалары, ал Асхат Ғалеев домбырасымен «Семнадцать мгновений весны» фильміндегі «Где-то далеко» әнінің әуенін әсерлі орындап берді. Концерттік нөмірлерге ардагер мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары риза болып, сақшыларды ду қол шапалақпен қарсы алды.

Мереке қарсаңында облыс орталығының ғана емес, аудандық полиция қызметкерлері де Жеңіске үлестерін қосқан ардагерлерге құттықтау сөздерімен барып қайтты. Қызылжар ауданы ПБ бастығының орынбасары Болат Жұмағазин мен полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Балғабай Рахметов тыл еңбеккерлері Иван присяжный мен Александр Чубыкинді құттықтады.

«Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету – ұрпақтардың қасиетті борышы», – дейді СҚО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов. – Біз үшін бейбіт заман сыйлаған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Полиция қызметкерлері үшін Жеңіс күні – маңызды дата. Өйткені, бұл – елімізді қорғау дәстүрінің және ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз етудің сабақтастығын білдіретін маңызды күн».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО