
Мамырдың 10-ы аудан орталығы Бескөл ауылындағы үйлердің бірінде майдангер әрі милиционер, құқық қорғаушылар әулетінің ұйытқысы болған Абдолла Төлебаевтың ұрпақтары жиналады., Олар аталарын құрметпен еске алады, орталарында болса осы күні 100 жасқа толушы еді.
Абдолла Төлебаев 1922 жылы Мамлют ауданының Казанка ауылында дүниеге келген. Механиктің оқуын оқып, Петропавлда жүргізуші болып жұмыс істейді. 1942 жылы мобилизацияланған. Солтүстік-Батыс майданының құрамында болып, жауынгерлерге оқ-дәрілер мен азық-түліктер жеткізіп отырған. 1943 жылдың наурызында Демянский шабуылдау операциясының шиеленіскен сәтінде окопқа түседі. Пулемёт экипажының екінші нөміріне тағайындалып, 6 күн бойы қызу ұрысқа қатысқан. Абдолла экипаж үстіне жаудырған миномёт оғының жарықшақтарымен жарақатталып, аяғына зақым келеді. Есеңгіреген ол, тек түнде есін жиып, өрмелеп өзінікілерге жетеді. Госпитальдан мүгедектікпен шығады.
Абдолланы емделуге Петропавлға жібереді. Сол 1943 жылы ол милицияға жұмысқа орналасып, құқық қорғаушылар әулетін бастайды. Социалистік меншікті ұрлауға қарсы күрес жөніндегі бөлімде, кейін қылмыстық іздестіру бөлімінде, ал соңғы 13 жылында Боголюбово аудан орталығында учаскелік инспектор болып қызмет атақарады. Халық арасында қаталдығы әрі принципшілдігі үшін сыйлы болса, басшылығы оны жеделділігі, зеректілігі үшін бағалаған. Қылмыстарды ашуда үздік учаскелік инспекторлардың бірі болған. Отбасында Абдолла Дүйсенбекұлына 1958 жылы қарақшылық шабуылдар сериясын ашқаны үшін табысталған атаулы сағаты, сондай-ақ мінсіз қызметі үшін түрлі наградалары да сақталған.
Қырағылық, тәртіптілік, жеке уақытымен санаспау сияқты өзінің кәсіби қасиеттерін ол балаларының, немерелерінің бойына сіңіруге тырысты. Абдолла Төлебаев орнатып кеткен қатаң тәртіп әулетте бүгінгі күнге дейін сақталауда. Өнегелі әке, ата тәрбиесін алған үш ұлы мен үш немересі өмірлерін заңдылық, құқық қорғаумен байланыстырды. Олар тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары болып қызмет атқарып, құқық қорғау саласында жоғары лауазымдарға қол жеткізген.
Жауынгердің немерелерінің бірі, 36 жыл еңбек өтілімен полиция полковнигі былтыр қызметтен кетті. Әскер қатарында жүргенде ол Таулы Карабахтағы құқықтық тәртіпті сақтауға, содан соң Армениядағы жер сілкінісі зардабын жоюға қатысқан. «Тонағандарды ұстап, Ленинакандағы қираған үйінділерді тазаладық, - деп есіне алады. Сабақта отырған қалпы, қираған мектептің астында қалған оқушылардың денесін алып шыққанды ешқашан ұмыта алмайсың. Басымнан өткен осындай жағдайлардан кейін, атамның Ұлы Отан соғысы жайлы айтқан әңгімелеріне басқаша қарай бастадым. Қайсысымыз болсақ та үйімізге, иығымызға погон таққаннан кейін, мойныңа артылған жауапкершілікті сезініп, үйімізге мүлдем басқа адам болып оралдық...».
Басқа ардагерлер сияқты Абдолла Дүйсенбекұлы соғыс жайлы айтқанды ұната бермейтін. Оның әңгімелерінде «қажет» деген түсінік болатын: қанша жерден қорқынышты әрі ауыр болса да, қажет кезде жасау керек. Ол отбасының есінде тек қана адалдықтың үлгісі болып қана қоймай, жауапкершілік сезімін ұялата білетін тәрбиеші ретінде де қалды.
12 жасында жетім қалған Абдулла Төлебаев алты баласына, он бір немере мен он алты шөбересіне өмір сыйлады. Ерең еңбегімен бейбіт күнді, адал қызметімен болашақ ұрпақтарға тыныш өмірді сыйлады. Жақындары жауынгер мен заңның сақшысы болған арғы аталарының есімін сақтап, өскелең ұрпаққа қалдыру парыздары деп біледі.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО