
Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында екі солтүстікқазақстандық полицей мемлекеттік наградтармен марапатталды. 6 мамыр күні ҚР ІІМ Министрі Марат Ахметжанов қызметте ерекшеленген полицейлерді салтанатты түрде марапаттады. СҚО полицейлері "Ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.
Петропавл қ. Полиция басқармасының кезекші-инспекторы полиция лейтенанты Мейірман Төлебаев бір жыл бұрын екі адамды судан алып шыққан. Өткен жылдың мамыр айында бір бойжеткен Есіл өзеніне құлап түскен еді. Бұны көрген адамдардың бірі оны құтқармақшы болған, алайда, екеуі де суға батқан. Қайғылы оқиғаны жақын маңда жүрген Мейірман болдырмады. Онымен бірге көмекке тағы бір әйел мұздай суға түскен. Полицей қызды жағаға шығарып, ер адамға қолдан дем алдырған. Полиция лейтенантының әріптестері оның ерлігі туралы келіп түскен алғыс хаттардан білген.
Айыртау ауданы полиция бөлімі көші- қон қызметінің қызметкері полиция лейтенанты Рүстем Кәрім көршісін өрттен аман алып қалған. Өрт қос пәтерлі үйде ағымдағы жылдың қаңтар айында орын алған. Полицей үйден отбасын шығарып, қабырғаның арғы жағында тұратын көрші зейнеткерді арқалап алып шыққан.
Мейірман Төлебаев медальмен марапатталған кезде толқығанын және өзінің әрекетін ерлік деп санамайтынын атап өтті. Сөзіне қарағанда, полицей қиын жағдайға тап болған адамның қасынан өтіп кете алмайды. Рүстем Кәрім де осы пікірде. " Менің орнымда болған кез келген адам осылай жасар еді,- дейді ол. - Қазақстандық полицияның мерейлі жылында осындай жоғары марапатқа ие болғанымды мақтан тұтамын, бұл күнді ешқашан ұмытпаймын ".
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО