СҚО полицейлері ҰОС ардагерлерінің молаларын жинастырды

СҚО полицейлері ҰОС ардагерлерінің молаларын жинастырды
«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» ұранын басшылыққа алған Қызылжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында, тәртіп сақшылары ведомствоның ардагерлерімен бірге майдангер, милиционер Иван Писаченконың моласын жинастыру үшін Боголюбово ауылындағы бейітке барды. Ол 1944 жылы әскерге шақырылып, Қиыр Шығысқа жіберілген, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 20 жыл ішкі істер органдарында қызмет еткен. «Қазіргі уақытта оның ұрпақтары Ресейде тұрады және ардагердің моласына жиі келіп тұра алмайды, - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әлихан Байқадамов. – Қызметкерлер майдангер-әріптесіміздің моласын жинастырып, құрмет көрсетеді».

Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызмет ардагерлері сұрапыл соғысты басынан аяғына дейін өткерген Василий Аксеновтың моласын қатарынан үш жыл бойы жинастырып келеді. Ол кавалерияда қызмет етіп, орден мен медальдармен марапатталған, үздік жауынгерлік әрекеттері мен қалаларды басып алғаны үшін Жоғарғы қолбасшыдан 6 алғысқа ие болған. ІІО-да 1957 жылдан 1977 жылдар аралығында қызмет еткен, зейнет кезінде 10 жыл бойы МАИ-де еңбек еткен. «Қыздарының бірі Алматыда тұрады, екіншісі – Болгарияда, кей кезде келуі қиынға соғады, - дейді қызмет ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Евгений Райтенбах. – Біз ардагердің моласын Петропавлда тұратын жиенімен бірге барып жинастырамыз, бұл игі дәстүрге айналды. Бізге бейбіт күнді сыйлаған батырларды ұмыт қалдырмау аса маңызды міндет болып табылады».

Қазіргі уақытта СҚО полициясында Ұлы Отан соғысының бірде-бір ардагері қалған жоқ, алайда, қызметкерлер оларды ұмыт қалдырмайды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО