
СҚО полицейлері жоғарғы технологияның әлеуетін қолдануда. Бейнебақылау камералары, жолдағы бұзушылықтарды тіркейтін жүйелер, электронды планшеттер, бейнетіркегіштер – бұл полиция жұмысын ашық, айқын және сервистік етуге көмектесетін заманауи құралдардың тек бір бөлігі ғана.
ІІМ-нің «102» ресми қосымшасы –полиция қызметінде болашақта да кеңінен пайдаланатын цифрлық жобалардың бірі болып табылады. Бұрын полиция бөліміне жүгіну үшін бару немесе «102» нөміріне қоңырау шалу қажет болатын, қазір ресми мобильдік қосымшаны пайдаланса болғаны. Оны App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады. Тіркелу барысында телефон нөмірінен бөлек, жеке тұлғаны растау үшін жеке сәйкестендіру нөмірі қажет болады. Қосымшаны жүктегеннен кейін смартфоннан полицияға тәуліктің кез келген уақытында үш түрлі жолмен: мәтіндік хабарлама, аудио немесе бейне қоңырау арқылы жүгінуге болады. Егер сұрағыңыз ішкі істер органдарының құзыретіне жатса, қызметкерлер хабарламаны қабылдап тіркейді және шаралар қабылдайды.
СҚО Полиция департаменті Штабы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан Әлібековтің айтуынша, қалалық полицияның Жедел басқару орталығында «102» операторларының 10 жұмыс орны, аудандық полиция бөлімдерінде – 2 жұмыс орнынан жасақталған. 2021 жылғы 1 ақпаннан бері СҚО полициясына омниканалды байланыс арқылы 683 хабарлама келіп түскен. Басым бөлігі – облыс орталығынан, Жамбыл және Аққайың аудандарынан. 683 хабарламадан – 443-і мәтіндік, 172-сі бейне және 68-і аудио хабарлама. Келіп түскен 363 хабарлама бойынша тексерістер жүргізілді, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, екі өтініш Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қалғанында қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған.
Ағымдағы жыл басынан «102» мобильдік қосымшасы арқылы СҚО полициясына 44 хабарлама келіп түскен, барлығы – Петропавл қаласынан, басым бөлігі Жол жүрісі ережелеріне қатысты болған.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО