
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары қылмыстың жалпы деңгейі төмендегені байқалады, сонымен қатар әлеуметтік және басқа да факторларға байланысты жеке қылмыс түрлерінің жиі қарқын алуы өзекті болып отыр. Осындай «өзекті» қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы тұру үшін түрлі деңгейде профилактикалық шарлар қолданылуда.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 22 наурыздағы Жолдауында әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарға жауапкершілікті күшейтуге көңіл бөлуді, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға тиімді қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. «Енгізіліп жатқан өзгерістер тұрмыстық қылмыспен күрестегі жұмыстың пәрменді құралы болатындығына сенімдімін. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында отбасындағыларға қатысты құқық бұзушылық жасағаны үшін жиынтық мәліметке іліккен мыңнан аса адам есепте тұр. Көбіне, оларға әкімшілік ықпалы бар шаралар қолданылады, бірақ бұл оларға сабақ болмай тұр. Жазаны қатаңдату әйелдерді қорғау үшін аса тиімді шара қолдануға мүмкіндік береді», - деп санайды СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов.
Мемлекет басшысы айтқан барлық өзгерістер мен міндеттер Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған. Азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің берік іргетасын қалау – бұрын Президент Жолдауында баяндаған құқық қорғау органдарының жұмысындағы іске асыру негізгі басымдылық болып табылатын басты бағыттарының бірі есірткі қылмысына, интернет алаяқтыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 68 есірткі қылмысы анықталып, оларды жасаған 50 адам ұсталды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Тәуекел аймағында жасөспірімдер, еліктеуіш жастардың болатынын түсіне отыра, жасөспірімдер ортасында профилактикаға ерекше көңіл бөлінеді. Тек, осы жылдың алғашқы айларында синтетикалық есірткіні сататын интернет дүкендердің интернеттегі 12 «көтерме» есірткі жасырушысы ұсталды.
Осы қылмыстардың үрей туғызатын факторы азаматтардың тағдырына бой ұсына отыра, осы зұлымдық алғаш қылаң берген тұста аса көңіл бөлмеуінде. Алайда, ішімдікті асыра пайдаланудан, есірткі қылмысынан туындайтын тұрмыстық қылмыс келеңсіздіктерге немесе қайғылы жағдайларға әкеліп, біртіндеп отбасының шырқын бұзатынын естен шығармаған жөн. Біздің басты міндетіміз – отбасында келеңсіздікке жол бермеу», - дейді Айдын Қабдұлдинов.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО