
СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері медициналық мекеменің персоналымен кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріске Солтүстік Қазақстан облысының көп бейінді ауруханасының басшылығы мен персоналы қатысты. Сабақ ҚР ҰҚК СҚО департаментінің Терроризмге қарсы орталығының бөлімімен бірлесе өткізілді. Қызметкерлерге терроризм тактикасы және оған ден қою жолдары туралы баяндалды. Сондай-ақ, қолмен жасалған жарылғыш заттарды анықтаған кездегі әрекеттердің алгоритмі, объектіге мина қойылғаны туралы сигнал келіп түскенде кездегі алғашқы шаралар туралы айтылды. Террористік қауіп туындаған кезде адамдарды шығару және одан кейінгі әрекеттер де назардан тыс қалмады.
«Бұдан бөлек, аурухана басшылығына күзеттің техникалық құралдарын жетілдіру бөлігінде терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету бойынша заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді,- деді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Руслан Жарасбаев. – Бейне бақылау жүйелерінің үздіксіз жұмысын және басқа да техникалық талаптарды қамтамасыз ету қажет. Террористік тұрғыда осал объектілердің басшылығымен және персоналымен ақпараттық жұмыс ұдайы негізде жүргізіледі».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО