СҚО жолдарында полицейлер бір түнде ішінде 8 мас жүргізушіні ұстады

СҚО жолдарында полицейлер бір түнде ішінде 8 мас жүргізушіні ұстады

Жолдағы жарақаттануды азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу – полиция жұмысындағы басымды міндеттердің бірі. Осы жұмыстың маңызды бөлігі - көлікті масаң күйде басқару фактілерін анықтау және жолын кесу болып табылады. Тек бір түннің ішінде - сәуірдің 24-нен 25-не қараған түнде облыс жолдарында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 8 мас жүргізушіні ұстады, олардың 3-уі Петропавл қаласында аумағында анықталды. Тәртіп сақшылары көлікті масаң күйде басқару жол-көлік оқиғасына әкеліп соғуы мүмкін екендігін еске салады.

Сәуірдің 24-і күні Есіл ауданында «ВАЗ 2112» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан «Lada Granta» көлігіне соғылған, көлікте отбасы болған. Салдарынан «Лада» көлігіндегі әйел мен жас баласы орталық аудандық ауруханаға жүгініп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі масаң күйде болған. Ол кезекші бөлімнің қасындағы арнайы үй-жайға қамалды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-б. бойынша материал жинастырылды. Күдіктіге 20 тәулікке қамауға алу және басқару құқығынан 7 жылға айыру түрінде жаза көзделген.

«Масаң күйде көлік басқару – жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылығы, бұл ауыр жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. - Өткен жылдың бірінші тоқсанында мас жүргізушілердің кесірінен облыс бойынша 21 жол-көлік оқиғасы орын алды, 3 адам қаза тауып, 2-уі жарақат алды. Бүгінгі күннен бастап облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады, іс-шара шеңберінде көлік тізгініне масаң күйде отыратын жүргізушілерді анықтау бойынша жұмыс күшейтіледі».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО