
Қоғамдық орындардағы, көп қабатты үйлердің аулаларындағы, подъездердегі қоқыс үйінділері күрделі мәселеге айналуы мүмкін екенін көпшілік түсіне бермейді. Жайсыз санитарлық жағдайдан басқа, өрт қаупін төндіруі мүмкін. Сәуірдің 7-сі Петропавл қ. үйлердің бірінде осындай келеңсіз оқиға орын алды. Пәтерлердің бірінің иесі подъездің тамбурына жинаған құрылыс қалдықтары өртенген. Өрттің салдарынан көршілерінің мүліктеріне зақым келді. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша айыппұл салынды.
Учаскелік полиция инспекторлары күн сайын қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерін аралап, тұрғындарға үйлерінің жақын аумақтарын тазалықта ұстау қажеттілігін және белгіленбеген жерлерге қоқыс тастауға болмайтынын түсіндіреді. Бұзушылар жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік ықпал етудің негізгі шарасы – ескерту, ал айыппұл тек өрескел бұзушыларға ғана қатысты қолданылады. Сенбілік күндері учаскелік полицейлерге тұрғындар жиналған қоқыстың уақтылы шығарылмайтынын айтып, жиі шағымданады. Мердігер ұйымдармен де профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте, мердігер ұйымдардың тек тұрмыс қалдықтарын шығаруға ғана жауапты екенін білген жөн.
Белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау, аумағындағы санитарлық тазалыққа қарамау күрделі мәселе болып отыр, - деп баса айтып кетті Петропавл қ. ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Қаланың санитарлық жағдайы, алғашқы кезекте тұрғындардың және барлық жеке меншік түрлері иелерінің саналылығына байланысты екенін түсінген маңызды».
Жыл басынан Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерін бұзылуы үшін 1500-ден астам әкімшілік хаттама толтырды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО