Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Балалардың жол-көліктен жарақаттануының алдын алу, жолдағы қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын бекіту мақсатында, сәуірдің 25-нен мамырдың 20-сын қоса аралықта Қазақстан Республикасының аумағында «Назар аударыңыз - балалар!» республикалық акциясы өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті жолда, оқу мекемелерінің қасында, көпқабатты үйлердің аулаларында және жаяу жүргіншілер жолағында барынша сақ болуды сұрайды. Әрдайым жылдамдықты сақтап, кішкентай жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, самокат пен гироскутер жүргізушілері Жол қозғалысы ережелерін біле бермейтіні туралы ұмытпаңыздар. Балаларды автокөлікпен тасымалдаған кезде балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану қажет және көлікте балаңыздың отырғанын естен шығармаңыздар.

Акцияны өткізу кезінде балалардың құқықтық тәрбиесіне бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілетін болады. Өткізілетін акцияларға қатысуға ниет білдірген оқушылар Полиция департаментінің Instagram-дағы sqo_pd аккауынтының директіне хабарласа алады. Бұл полиция қызметкерлерімен бірге жолдағы жүріп-тұрудың негіздері жөнінде өткізілетін түсіндіру жұмысына қатысуға мүмкіндік береді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО