СҚО полицейлері ауыл тұрғындарын малды қараусыз қалдырмауға шақырады

СҚО полицейлері ауыл тұрғындарын малды қараусыз қалдырмауға шақырады

СҚО Айыртау ауданында ауыл тұрғыны полицияға үйдің қасында байлаулы тұрған бұзаулардың жоғалғаны туралы хабарлаған. Өз күшімен іздеуден нәтиже болмаған екен. Мал ұрлығы белгілерінің жоқтығына көз жеткізген жедел-тергеу тобы учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе жоғалған бұзауларды іздестіруге кіріскен. Екі жасар бұзаулар жергілікті кәсіпорынның аумағына кіріп кеткен екен. Кәсіпорын иесі оларды қораға қамап, иелерін іздестірген.

«Кәсіпорын иесінің арқасында бұзаулар сол күні үйлеріне қайтарылды, - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Марат Серкешев. – Ауыл тұрғындарын малды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Кей адамдар кезіктірген малды қайтаруға асықпайды. Жоғалған малды іздеуге айтарлықтай күш пен уақыт жұмсалады».

Қазіргі уақытта Жамбыл ауданында полицейлер жоғалған жылқыны іздестіруде – иесінің сөзіне қарағанда, ол 16 сәуір күні жоғалған. Полицейлер қараусыз қалдырылған мал ұрылардың олжасына айналуы мүмкін екендігін атап өтті. Аталған қылмыстың алдын алу үшін заң жүзінде шаралар қабылданды: 2020 жылдан ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа 188-1-бабы «Мал ұрлығы» күшіне енді, әкімшілік кодекске еркін жайылым үшін жауапкершілік енгізілді.Бұл облыстағы мал ұрлығы санының айтарлықтай азаюына ықпал етті. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша мал ұрлығы 54 %-ға азайған. Бұл көрсеткіштің негізі – мал иелерінің мүліктеріне жауапкершілікпен қарауы.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО