
Қаруды заңсыз сақтау фактісі «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Айыртау ауданы ПБ қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тексеріс жүргізу кезінде бір ауыл тұрғынынан тіркелмеген 16 калибрлі «ИЖ» мылтығын анықтаған. Қауіпті зат қолжетімді орында болған – шифоньердің ішінде сақталған. Ер адамның сөзіне қарағанда, мылтық оның қайтыс болған туысынан қалған. Қару тәркіленіп, ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша материал жинастырылды.
«Атқарылған жұмыстың мақсаты – адамдардың қауіпсіздігін нығайту, қарудың ұрлану және оның қылмыста пайдалану қаупін төмендету, - деді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Бірінші кезектегі міндет – заңсыз сақтау фактілерін анықтау. Сондай-ақ, тіркелген қару иелері тексерілуде, оның ішінде сақтау ережелерінің 192 бұзушылығы және қайта тіркеу мерзімдерінің 43 бұзушылығы анықталды. Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру ғана жауапкершіліктен босататыны туралы еске саламыз».
3 ақпаннан бастап облыс аумағында жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды, заңсыз айналымнан тіркелмеген 43 қару, 44 оқ-дәрі алынды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО