
Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Петропавл қаласында 22-23 сәуір А.Винокуров спорт сарайында құқық қорғау органдары, күштік және арнайы құрылымдардың арасында "қазақ күресінен" ҚР Ішкі істер министрлігінің Чемпионаты өтеді.
Кілемдегі кездесулер 22 сәуір сағат 9.00-ден басталады.
Іс-шараның салтанатты ашылуы 22 сәуір сағат 15.00-де өтеді.
Облыстардың және қалалардың полиция департаменттерінен келген 17 команданың және "Динамо" орталық кеңесінің 8 командасының палуандары алты салмақта бақ сынасады.