Петропавл оқушыларына қалай полиция қызметкері болуға болатыны жайлы айтылды

Петропавл оқушыларына қалай полиция қызметкері болуға болатыны жайлы айтылды
Ювеналық полиция қызметкерлері №10 орта мектептің оқушыларымен кездесті. Олар полицейлердің қиын да күрделі жұмысы және құқықтық тәртіпті бұзудың салдары жайлы айтты. «Іс-шаралар «Мен және менің полицейім» атты республикалық бес күндік акция аясында өткізілді,– дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу, оқушылардың құқықтық санасын нығайту. Мемлекет басшысымен жарияланған балалар жылы аясында кешенді іс-шаралар өткізілуде, басты назарда - балалар».

Мектеп қабырғасында көшеде, жолдың жүру бөлігінде дұрыс жүру ережелерін көрсететін түрлі ойындар ұйымдастырылды. Полицейлер жол қозғалысын реттеушінің де жұмысын көрсетіп, оқушылардың жол қозғалысы ережелерін бекітті. Арнайы дауыс зорайтқыш құрылғы, жарқылдауық маяктар және полиция қызметінің басқа да атрибуттары оқушылар арасында шынайы қызығушылық тудырды. Полицейлер қызметтік автокөлікті де көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары алған білімдерін танымдық жұмбақтар және викториналармен бекітті. Сонымен қатар, олар білімдерін жол қозғалысы ережелері туралы профилактикалық жадынамалармен толықтырды.

Ал жоғары сынып оқушыларына полицейлер ҚР ІІМ жоғары оқу орындары жайлы айтып берді. «Мен қазір болашақ мамандығымды таңдау үстіндемін, оқуға түсу шарттары тартымды сияқты. Академияны аяқтаған соң, жұмыс орны жайлы еш аландамайтын боламын. Сондай-ақ, болашақта отбасы жағдайы үшін белгілі бір төлемдер де жасалатынын білдім. Меніңше, оқу өте қызықты сияқты», – дейді оқуға түсудің перспективалары мен шарттары туралы білген Тамерлан Кашегулов. Кәсіптік бағдар беру жұмысы білім беру мекемесінің ақпаратты бейнероликтерін көрсетумен аяқталды. Аталған акция 11-15 сәуір аралығында өткізілуде.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО