
Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше фермер малды бақылауда GPS-навигаторларды қолданады. Ағымдағы жылы Уәлиханов ауданында екі жылқы иесі заманауи технологияларды пайдаланды. Біреуі 40 бас жылқы, екіншісі 60 бас жылқы ұстайды. Бұл жаңашылдыққа көзқарастары жақсы. Табындағы бір жылқыға арнайы қарғы бау тағылса, тұтастай бір табынның жүрген жерін бақылауға мүмкіндік береді. Онлайн-карталармен компьютер, планшет, смартфон арқылы жұмыс істеуге болады. Полицейлер GPS-трекерлерді орнату – малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудың тиімді жолдарының бірі болып табылатыны туралы атап өтті. Тәртіп сақшылары мал ұрлығының фактілерін болдырмау бойынша профилактикалық жұмысты ауыл тұрғындарымен ұдайы негізде жүргізеді.
«Малдың қорғалуы – кешенді мәселе, – дейді полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Әлижанов. – Аудандағы ірі шаруашылықтардың барлығы дерлігі малды ұйымдасып бағады – бірнеше бақташы кезекпен бағады, мал қараусыз қалдырылмайды. Қазіргі уақытта халықпен жиналыстар өткізіледі, онда тұрғындар, бақташылар және учаскелік полиция инспекторлары ірі қара малдың жайылуын ұйымдастыру мәселелерін шешеді. Учаскелік полиция инспекторлары бақташылармен әңгімелер жүргізеді, ұрлықтың алдын алуға, жолдың үстіне шыққан жануарлардың кесірінен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмауға ықпал ететін ережелерді түсіндіреді».
Осындай жұмыс облыс бойынша жүргізіледі. СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиевтың айтуынша, қаңғып жүрген мал мен мал ұрлығының жоспарлы профилактикасы нәтиже көрсетуде. 2019 жылы 92 мал ұрлығы тіркелсе, 2020 жылы – 47, 2021 жылы – 29 факті тіркелген. Ағымдағы жылдың 3 айында 3 мал ұрлығы тіркелген.
#ҚРІМ #МВДРК #КНИИМ #МВДРК # Полиция #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО