Жолда жануарлар: солтүстікқазақстандық полицейлер жүргізушілерді қырағы болуға шақырады

Жолда жануарлар: солтүстікқазақстандық полицейлер жүргізушілерді қырағы болуға шақырады

Көлік тізгіндеген жүргізушілер үшін жолдағы жануарлар қауіп төндіреді, бұған дәлел – жол-көлік оқиғалары фактілерінің орын алуы. Полицейлер солтүстікқазақстандықтарды, әсіресе көктем-жаз мезгілдерінде, үй жануарларын еркін жайылымға шығару кезеңі басталған кезде ерекше қырағы болуға шақырады. «Ескертетін жол белгілері, макеттер орналасқан жерлерде жылдамдықты азайту керек. Соқтығысуды кейде, әсіресе кешкі уақытта, тайғақ асфальттің үстінде алдын алу мүмкін болмай жатады. Бұндай жағдайда жарық шағылыстыратын таспалардың көмегін атап өткен жөн. Көбінесе, қараусыз жүрген жануарлар жол-көлік оқиғаларына ұшырап жатады. Бұдан бөлек ұрылардың олжасына айналуы мүмкін», – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Жыл басынан Шал ақын ауданында екі жылқы автокөлік астына түскен. Ал Тайынша ауданында жануардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы сәуірдің 8-і күні шамамен кешкі сағат 10-да орын алған. «Nissan Primera» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі қараңғы жарық түспеген жолмен келе жатып, Алабота ауылының маңында құлынды дер кезінде байқамай қалып, қағып кеткен. «Nissan» көлігінде баламен бірге ерлі-зайыптылар болған. Олар зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік зақымдалды.

#ҚРІМ #МВДРК # КНИИМ # МВДРК # Полисия #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО