
СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың атына Ресей Федерациясының азаматынан алғыс хат келіп түсті. Жылы лебіздер Петропавл қ. Полиция басқармасы көші-қон қызметінің бөлім бастығы полиция майоры Айсұлу Сапарғалиеваға арналған. Ер адам екі жыл бұрын Қазақстанға жанұясымен бірге болу үшін көшіп келген. Ол уақытша тіркеу бойынша тұрған. Өткен жылдың қыркүйек айында 63 жастағы қала тұрғыны кеңес алу мақсатында полиция қызметкерлеріне жүгінген. Офицер білікті көмек көрсетіп, көші-қон заңнамасын түсіндірген және өтінішті ресімдеуге көмектескен. Петропавлдық жұмысқа орналасуға қажет болған шетелдіктің тұрақты тұру құқығын растайтын құжатты алды. Біраз уақыттан соң, ол ҚР азаматтығын алу үшін өтініш жазу туралы шешім қабылдаған. Қазіргі кезде оның материалдары қарастырылуда.
«Көші-қон қызметінің қызметкері Айсұлу Ермекқызы Сапарғалиеваға кәсібилігі, жылдамдығы, сауаттылығы мен құжаттарды ресімдеу тәртібін түсінікті жеткізе білгені үшін алғыс айтамын», – деп жазыпты зейнеткер. – Ол әрбір жүгінген азаматқа тез әрі кәсіби түрде көмектеседі – мұны мен келген сайын байқадым».
«Жалпы көші-қон қызметінің қызметкерлері 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев. – Үш айдың ішінде облыс орталығында полицейлер 164 шетелдікке тұруға ықтиярхатты ресімдеді, шетелдіктердің уақытша келуі туралы 1595 өтінішті қабылдады. Сондай-ақ, 15 адам ҚР азаматтығын алу туралы өтініш берген. Бұдан бөлек, 7143 солтүстікқазақстандық ҚР төлқұжаты мен жеке куәлігін алды, 1534 Қазақстан азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркелуді ресімдеді».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО