
Петропавлда полицейлер аса ірі көлемде есірткі сату фактісінің жолын кесті. 2 килограмм марихуана сатпақшы болған 28 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ «Volkswagen Jetta» автокөлігін және тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде одан өсімдік тектес затпен пакеттер алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, алынған заттар 143 гр. астам гашиш және 14 килограмнан астам марихуана болып шықты, бұл аса ірі көлемге жатады. Бұдан бөлек, күдіктіден аңшы мылтығы және газ тапаншасы болуы мүмкін екі қару тәркіленіп, криминалистикалық сараптамаға жіберілді. Ер адам қамауға алынды. Тергеу аталған заттардың қайдан алынғанын анықтайтын болады.
«Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Баппен күдіктіге 15 жылға бас бостандығынан айыру көзделген».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО