Велосипедтер ұрлығының алдын алу жөніндегі жаднама

Велосипедтер ұрлығының алдын алу жөніндегі жаднама

1. Велосипедтерді көшеде (әсіресе супермаркеттер, дүкендер, подъездердің жанында және азаматтардың жаппай жиналатын жерлерде) қараусыз қалдырмаңыз.

2. Бөгде немесе шала таныс адамдарға велосипедтерді (мопедтерді, самокаттарды) беруге болмайды («қыдырып келемін», дәріханаға, дүкенге барып келемін және т.б. желеу айтса да).

3. Егер Сіз айдап әкетуге қарсы сапалы құрылғыны пайдаланған күннің өзінде велосипедтерді (мопедтерді, самокаттарды) подъездердегі баспалдақ алаңында қалдырмаңыз. Қазіргі уақытта айдап әкетуге қарсы құрылғының біреуі де велосипедті ұрлаудан 100% сақтауды қамтамасыз етпейді!

4. Велосипедтің (мопедтің) құжаттарын міндетті түрде сақтаңыздар, сондай-ақ рамада ойып жазылған идентификациялық (сериялық) нөмірін суретке түсіріңіз және жазып қойыңыз. Ұрланған жағдайда, оны іздеуге барынша септігін тигізеді.

5. Егер велосипедіңіздің жанында құлпын бұзып жатқан немесе тросын жұлып жатқан бөгде адамды көрсеңіз – шұғыл полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз, не «102» мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО