
1 сәуір күні кешке Айыртау ауданының 18 жастағы тұрғыны «ВАЗ-21010» автокөлігін басқару кезінде рөлге ие бола алмай, маневр жасау барысында электр тарату желісінің тірегіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы туралы полицияға, жедел жәрдемге және Төтенше жағдай қызметіне жергілікті тұрғындар хабарлаған. Жүргізуші жарақат алған. Зақымдалған автокөліктен шығуға оған полицейлер мен жақын маңдағы елді мекеннің тұрғындары көмектескен. Медициналық куәландыру жас жігіттің рөлде масаң күйде болғанын көрсетті, масаю каннабиоидтарды қабылдаудан болған. Полицейлер аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал жинастырды, материал сотқа тапсырылатын болады. Жүргізушіге әкімшілік қамауға алу және 7 жылға басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
«Масаң күйде рөлге отыратын жүргізушілер жол қозғалысының басқа да қатысушыларына, өздеріне де қауіп төндіреді, - деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Осындай фактілердің алдын алу полиция жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Жыл басынан облыс жолдарында 229 мас жүргізуші ұсталды. Көлікті масаң күйде басқаруға жол берілмейді. Аталған бұзушылықтың қоғамға тигізетін қаупін ескере отыра, бұзушыларға заңнамамен көзделген қатаң шаралар қолданылады».
#ҚРІМ #МВДРК # КНИИМ # МВДРК # Полисия #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО