Жыл басынан Петропавлда алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 1444 фактісі анықталды

Жыл басынан Петропавлда алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 1444 фактісі анықталды

Учаскелік полиция инспекторлары есептегі адамдар және профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

Жуырда петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары Назарбаев көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде тексеріс жүргізді. Негізгі себеп – тыныштықты бұзу және басқа да бұзушылықтар туралы қоңыраулардың жиі келіп түсуі. Бұрын сотты болғандар, отбасылық жанжалқойлар, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдар – полиция қызметкерлері есік ашқан әр отбасында болып, олардың жағдайымен танысты, профилактикалық әңгімелер жүргізді және учаскелік полиция пункті инспекторларының байланыс нөмерлерін қалдырды. Қабаттардың бірінде бетінде төбелестің ізі бар масаң күйдегі ер адамды байқады. Нәтижесінде ер адам және жатахананың тағы да бірнеше тұрғыны мән-жайды анықтау үшін полиция пунктіне жеткізілді.

Есепте тұрған тұлғалар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы жергілікті полиция қызметінің ерекше бақылауында. Қала аумағында республикалық және облыстық «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шаралары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы зорлық-зомбылықтан қорғау желісі бойынша іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері 18 мыңға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 1444-і алкогольге қарсы заңнаманы бұзу, 420-сы ұсақ бұзақылық, 25-і қорғау ұйғарымын бұзу, сондай-ақ 13-і әкімшілік қадағалау тәртібін бұзу фактілері, – деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов.

Есептегі және бұрын сотты болған тұлғалар тарапынан бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмыс учаскелік полиция инспекторларымен апта сайын жүргізіледі.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО