
СҚО полицейлері адамдарға тіркелмеген қаруларын ішкі істер органдарына өз еріктерімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды өз еркiмен тапсыру, адамның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаған жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатады.
Мамлют ауданының тұрғыны қараусыз қалған үйді бұзу кезінде 12 калибрлі «ТОЗ-66» маркалы мылтығын тауып алғанын айтып, полицияға жүгінген. Қаруды үйіне әкеліп, тазалап тығып қойған. Алайда, біраз уақыттан соң, ақпан айында көршілерінің біріне тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынғанын естіп, тапқан олжасынан құтылуды жөн көрген. Учаскелік полиция инспекторына хабарласып, қауіпті затты тапсырған. Осылайша, ауыл тұрғыны құқықтық салдардың - жазатайым оқиғаның, тіпті қылмыс жасалу қаупінің алдын алған.
«Тіркелмеген қарулар көбіне қолжетімді жерлерде сақталады, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. — Мәселен, наурыз айының соңғы күні Жамбыл ауданының тұрғынынан, кереуетінің астында сақтаған, 16 калибрлі «ИЖ-К» мылтығы табылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тиісті жағдайда сақталмаған қару, қаскөйлердің қолына түсіп, қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін екендігін түсінген маңызды. Өздеріңізге не жақындарыңызға қауіп төндірмес, сондай-ақ жауапкершілікке тартылмас үшін полицияға тапсырған дұрыс».
Қазіргі уақытта облыста «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, оның мақсаты – қарулы қылмыстың жасалуына жол бермеу. Ақпанның 3-і бастау алған ЖПІШ шеңберінде заңсыз айналымнан заңсыз сақтаудағы қарудың 40 бірлігі алынды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО