
1 сәуір күні СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов алып жүретін бейнетіркегіштерді қолдану мәселесі бойынша патрульдік полицияның саптық бөліністерінің жеке құрамымен және учаскелік полиция инспекторларымен жұмыс кездесуін өткізді.
Алып жүретін бейнетіркегіштер қызмет өткеруге қатысты бақылауды қатаңдату, жеке құрамның тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық өндіріс істері мен материалдары бойынша сапалы дәлелдемелер базасын жинауға пайдаланылады.
Кездесу кезінде Полиция департаментінің басшылығы жеке құрамға алып жүретін бейне жетондарды пайдалану қағидаларын қатаң сақтау талаптарын жеткізді. Полиция департаменті патрульдік полицияның саптық бөліністерін түгелдей бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету жұмысын жүргізді. Бұдан бөлек, қалалық және облыстық патрульдік полиция батальондарының 34 автокөлігі айналаны түсіретін бейне камералармен жабдықталған.
Айдын Қабдұлдинов полиция жұмысының айқындылығы - ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру және сервистік қызмет көрсетуге көшу аясында халықпен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатудың аса маңызды бағыты екенін атап өтті. Бейнетіркегіштерді қолдану кезіндегі бұзушылықтарды жою мәселесі саптық бөліністердің және Полиция департаменті басшылығының ұдайы бақылауында.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО