СҚО полицейлері жүргізушілерді оқушылардың көктемгі демалыстарының ақталуы туралы ескертеді

СҚО полицейлері жүргізушілерді оқушылардың көктемгі демалыстарының ақталуы туралы ескертеді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оқушылардың көктемгі демалыстарының ақталуына байланысты жүргізушілердің жолда аса мұқият болуларын ескертеді.

Тоқсан арасындағы демалыстан кейін оқушылар мектепке ағылады, сондықтан жүргізушілер абай болуы керек, әсіресе таңғы кезде. Маусым арасындағы күн райының құбылмалылығы жол қозғалысына қатысушылардың барлығының аса сақтық танытуларын талап етеді.

Жыл басынан СҚО аумағында балалардың қатысумен 1 жол-көлік оқиғасы орын алды, оның нәтижесінде бір адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы жасалуының негізгі себебі – жаяу жүргінші өткелінен өту ережесін бұзу.

«Балалар жол-көлік жарақатын ескерту және апаттылыққа, жол апаттарының ауыр салдарына тікелей әсер ететін ҚР Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының жолын кесу мақсатында, облыс аумағында биылғы жылдың үш айы ішінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» және «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Іс-шаралардың нәтижелері бойынша 3429 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Оқу орындарының маңайын патрульдеу, мектепте дәрістер оқу, жол қозғалысының жас инспекторларының жұмысы, жолдарға макеттер қою сияқты жұмыстар кешенді түрде әрі ұдайы жүргізіледі», - дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы ата-аналарды балаларымен жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау туралы әңгіме жүргізуге, ал жүргізушілерді жалпы білім беру мекемелеріне, балаларды дамыту орталықтарына және аулаларға жақын жерлерде аса мұқият болуға шақырады.

#ҚРІМ #МВДРК # КНИИМ # МВДРК # Полисия #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО