
Солтүстікқазақстандық полицейлер қаңтар оқиғаларында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге волейболдан турнир арнады. Ойын «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының базасында өтті. Облыстық Полиция департаменті аппараты қызметтерінің командалары волейбол алаңында үш күн бойы үздіктерді анықтады.
Сайыс нәтижелері бойынша 3 орынды СҚО Полиция департаменті Автотехникалық шаруашылықтың командасы иеленсе, 2 орынды СҚО Полиция департаменті Айдауылдау қызметі взводының командасы алды. Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының командасы үздік атанды. Жүлдегерлерге – кубоктар, жеңімпаздарға – спорттық киімнің жиынтығы табысталды.
«Үздік үйлестіруші» номинациясы бойынша Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкері Денис Шерстобитов марапатталды.
Үздік ойыншы болып криминалист Азамат Ибраев танылды.
Үздік шабуылдаушы болып кезекшінің көмекшісі Болатбек Түлеков атанды.
«Жеңіске деген ұмтылысы үшін» номинациясы бойынша СҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының командасы марапатталды.
Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жанат Сағденовтің айтуынша, спортпен айналысу – тәртіп сақшыларына қосымша шынығуға, командалық рухты көтеруге мүмкіндік береді. «Осындай іс-шараларға патриоттық тәрбиелік мән қосу – заманауи полицейдің қалыптасуында маңызды қадам болып табылады», - деп атап өтті ол.
#ҚРІМ #МВДРК # КНИИМ # МВДРК # Полисия #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД #СҚО_ПД # ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО