
2022 жылғы 24 наурызда «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №156 Қаулысы қабылданды.
Жаңа қаулыға сәйкес Қазақстан азаматтарымен Армениядан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу мерзімдері 2023 жылғы 1 наурызға дейін ұзартылды.
Қазақстан Республикасы аумағына Армения Республикасынан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралы уақытша тіркеуге жататыны туралы еске саламыз.
Барлық сұрақтар бойынша СҚО Полиция департаменті Процессингтік орталығының 8 (7152) 32-00-22 телефоны бойынша «қауырт желіге» хабарласуды сұраймыз.
СҚО ПД Процессингтік орталығы
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО