Петропавл полицейлері жыл басынан абаттандыру ережелерінің 1,5 мыңнан астам бұзушылығын анықтады

Петропавл полицейлері жыл басынан абаттандыру ережелерінің 1,5 мыңнан астам бұзушылығын анықтады

Абаттандыру ережелерін сақтау – жергілікті полиция қызметі жұмысының маңызды желісінің бірі. Су басуды болдырмау үшін қарды қыста уақтылы тазалау маңызды. Көктемдегі алғашқы кезектегі мәселе - еріген қар астында қалған қоқыстар, адамдардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіретіні шатырдағы қатқан мұздар. Петропавлда учаскелік полиция инспекторлары күн сайын тексерістер мен мақсатты рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Оның барысында абаттандыру ережелерінің бұзушылық фактілері анықталады. Тек наурыз айының өзінде Алматинская, М.Жұмабаев, Н.Назарбаев көшелері бойындағы қоқыс жәшіктеріндегі қоқысты уақтылы шығарманы үшін мердігер ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Учаскелік полиция инспекторлары ПИК төрағаларымен, ауа райы қолайлы болған күндері, жақын аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы профилактикалық жұмыстар жүргізеді, - деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орныбасары полиция подполковигі Әлібек Ғабдуллин. – «Солтүстік Қазақстан облысының қала және елді мекен аумақтарын абаттандыру ережелеріне» сәйкес, жеке тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер өздеріне бекітілген аумақтарының санитарлық тазалығын өз күштерімен немесе шартқа отыру жолымен қамтамасыз етуге міндетті. Жыл басынан аббаттандыру ережелерін сақтамағаны үшін Петропавлдың 1,5 мыңға жуық тұрғындары мен кәсіпкерлері ескертілді, аббаттандыру ережесін өрескел бұзған 12 тұлғаға айыппұл салынды».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО